«Еуразия» халықаралық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңімпаздар орыс тілін кеңінен насихаттауға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға, мәдениет, білім беру және еріктілік салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін 10 номинация бойынша анықталады.
Бұл – Еуразия кеңістігінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға және мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілетін тарихтағы алғашқы сыйлық.
Марапаттау рәсімі тікелей эфирде көрсетілді.
