2026 жылдың маусымынан бастап Еуропа одағында көші-қон саясатының жаңа ережелері күшіне енеді. Енді одаққа мүше елдер мигранттарды үшінші мемлекеттерге депортациялай алады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, ЕО «қауіпсіз елдер» тізімін бекітті. Оған Үндістан, Мысыр, Марокко және ЕО-ға кандидат елдердің басым бөлігі енген.
Осы аймақтардан келгендерге босқын мәртебесін алу қиындай түседі. Олар жеке басына қауіп төнгенін немесе қудалауға ұшырағанын нақты дәлелдеуі керек болады.
