Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасы жойылды, 3 жасырын зертхананың әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, барлығы 3,2 кг героин, 8 кг метамфетамин, 70,6 кг апиын, 129,7 кг гашиш, 16 кг гашиш майы, 282 кг марихуана, 156,5 кг қарасора, 56,4 кг психотроптық заттар алынды. Сондай-ақ 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 21 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді. Бұндай құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 114 азаматы және 7 шетелдік ұсталды, - дейді комитетте.
Шекаралас мемлекеттердің аумағында халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысы қолға түсті.
