Бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Аустрияға елші болып тағайындалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорда мемлекет басшысының бүгінгі жарлығын жариялады.

"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бұған дейін Көшербаев бір жыл сыртқы істер министрі болған.

Ал қазіргі министр Мұхтар Тілеуберді Аустрияда елші қызметін атқарған.

Биыл үкіметтің отставкасынан кейін Тілеуберді министрі болып келді.

Ал Көшербаев оның орнына тағайындалып отыр.

Пәкістанға жаңа елші тағайындалды

Тоқаев Пәкістанға да жаңа елші жіберді.

Президенттің жарлығымен Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ал Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі елшісі, Қазақстанның Того Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.