Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Жарлықта: "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған.

Бүгін Тоқаев осы лауазымға Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынған болатын. 141 Құрылтай депутаты Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдап дауыс берсе, 4 депутат қалыс қалған.