Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған америкалық әріптесі Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы дипломатиялық күш-жігер оң нәтижеге әкеледі деп үміттенді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ердоған сенбіде Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар Түркия мен АҚШ арасындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ аймақтық және жаһандық оқиғаларды талқылады.

«Президент Ердоған Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі дипломатиялық күш-жігерді жандандыру оң нәтиже береді деп үміттенді», — деді түрік басшысының кеңсесі.

Ердоған Ақ үй басшысымен сөйлесу барысында бейбітшілік орнату бастамаларының қайта жанданғанын оң бағалады.