Түркия Украинадағы және Иранға қатысты қақтығыстарды дипломатиялық жолмен реттеуге күш салуын жалғастырып жатыр. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған Словакия президенті Петер Пеллегринимен кездесуде айтты, деп хабарлады Түркия президентінің әкімшілігі. Кездесу Анкарада НАТО саммиті аясында өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. "Түркия Украинадағы соғысты және Иранға қатысты шиеленісті дипломатиялық жолмен тоқтатуға күш салуын жалғастырып жатыр", – делінген президент әкімшілігінің хабарламасында.

Ердоған Түркия мен Словакия сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігерін арттыруы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, энергетика мен көлік салаларындағы байланыстарды кеңейту екі елге де тиімді болады.

Сонымен қатар, Ердоған Түркияның Газа секторында бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға, сондай-ақ Палестинадағы гуманитарлық дағдарысты тоқтатуға бағытталған жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері Түркия Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзге арағайын болуға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Анкара екі тараппен де байланыс жасап, келіссөздерді ұйымдастыруға қатысып келеді және атысты тоқтату мен қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды.