Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған НАТО саммитінде одақтастарды қорғаныс өнеркәсібіне салынған шектеулерді алып тастауға шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ердоғанның мәлімдемесі НАТО-ның қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігіне байланысты айтылды. Ол одақтастар арасындағы шектеулердің альянстың бірлігіне кедергі келтіретінін атап өтті.
