Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөзді қайта бастауға бағытталған бастамалар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Нью-Йоркте өтетін кездесуінде талқылануы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йоркте кездеседі.

Бұл туралы АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Томас Баррак мәлімдеді.

«Украина бойынша келіссөз үдерісін қайта бастау және оны жалғастыруға жағдай жасауға бағытталған бастамалар Ердоған мен Трамптың Нью-Йорктегі кездесуінің күн тәртібіне енуі мүмкін», — деді агенттікке сұхбат берген дереккөз.

Түркия қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге ықпал ететін диалог арналарын сақтауды қажет деп санайды.

«Анкара осы бағыттағы күш-жігерін жалғастыруға және келіссөз үдерісіне ықпал ету үшін мүдделі тараптармен байланыстарын пайдалануға дайын», — деді дереккөз.

Оның айтуынша, Түркия Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі байланыстардың барысын мұқият бақылап отыр және дипломатиялық бастамаларды қолдауға дайын.