Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоган Оңтүстік Кореяға бара жатып, Қазақстан үстінен ұшқан кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Корея Республикасына ресми сапармен бара жатып, мен тарихи атамекеніміз – бауырлас және достық Қазақстан аумағының үстінен ұшып өтіп барамын. Осы жылдың мамыр айында Қазақстанға жасаған сапарымның табысты қорытындылары мен жылы естеліктері, сондай-ақ сіздің Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысу үшін Анкараға жасаған жақындағы сапарыңыз әлі күнге дейін жадымызда. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізге шын жүректен сәлемімді және зор денсаулық пен жеке бақыт, сондай-ақ бауырлас қазақ халқына одан әрі өркендеу мен амандық тілеймін», – деп жазды түрік көшбасшысы өзінің телеграммасында.

Қазақстан басшысы түрік көшбасшысына X әлеуметтік желісінде жауап берді. Тоқаев Эрдоганның мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары мен өзінің Анкараға жақында жасаған сапары екі ел арасындағы тығыз байланыстарды растағанын атап өтті.

«Мен президент Эрдоганға қазақ халқына деген жақсы тілектері үшін және Анкараға сапар кезінде біздің делегацияға көрсеткен қонақжайлылығы үшін шын жүректен алғыс айтамын», — деп жазды Тоқаев.

Президент сондай-ақ екіжақты қатынастардың одан әрі дамуына үміт білдірді.

«Мен екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығаюын күтемін», — деп атап өтті ол.

Бұған дейін «Курсив» «Халықтық құрылыс» 2029 жылға дейін Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарын қамтитынын жазған болатын.