Фото: Informburo.kz

Алматы қаласының бұрынғы әкімі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

«Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды», – делінген «Самұрық-Қазына» АҚ таратқан ақпаратта.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар. Оның 4-уі – тәуелсіз директор.

Айта кету керек, бұған дейін Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалған еді. Ол осы жылдың мамыр айында Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.