Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта жарылыстар естіліп, әуе рейстерінің кестесі бұзылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, жарылыстар мен рейстердің тоқтауы Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы соғыстың ушығуы аясында орын алды.

Reuters басылымы Эр-Риядтағы жарылыстар мен әуе қатынасындағы бұзылыстар туралы хабарлады. Басқа егжей-тегжейлер әзірге белгісіз.