Еуропалық Одақтың жоғарғы соты Google-дың рекордтық €4,1 миллиард айыппұлына қатысты шағымын қабылдамады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот шешімі Google-дың ЕО антимонополиялық ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлды жою әрекетін тоқтатты. Бұл іс 2018 жылы басталған болатын, содан бері компания сотта өз кінәсін жоққа шығаруға тырысты.
