Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кая Каллас АҚШ-тың блокқа қатысты тарифтерінің негіздемесіне күмән келтіріп, нақтылау сұрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Каллас АҚШ-тың тарифтерінің экономикалық негіздемесін түсінбейтінін айтып, ЕО-ның әділ сауда серіктесі екенін атап өтті. Ол Вашингтоннан бұл тарифтердің нақты себептерін түсіндіруді сұрады.
