Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы визалар мен реадмиссияға қатысты келіссөздер шетелдік азаматтарды қабылдау міндеттемелерін қабылдауға негіз бола алмайды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан тарапы Еуропалық Одақпен немесе оған мүше мемлекеттермен Қазақстан азаматы болып табылмайтын және Еуропа мемлекеттерінен қайтарылуға немесе депортациялауға жататын тұлғаларды ел ішінде қабылдау, ұстау, транзитпен тасымалдау немесе орналастыру орталықтарын құруға қатысты келіссөздер жүргізген жоқ", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Тоқаев Брюссельге сапары кезінде де ел азаматтары үшін виза режимін жеңілдету бойынша келіссөздердегі ілгерілеушілікті атап өткен болатын.