Еуропалық Одақ елшілері Ресейге қарсы 21-ші санкциялар пакеті бойынша келісімге келе алмады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ЕО дипломатының айтуынша, елшілер келіссөздерде ортақ шешімге келе алмаған. Санкциялардың жаңа пакетіне қатысты пікірталастар жалғасуда. Бұл Ресейге қарсы санкциялардың келесі кезеңін қабылдаудағы қиындықтарды көрсетеді.