Еуропалық Одақ балалардың әлеуметтік желілерге қол жеткізуін шектеу туралы заң жобасын ұсынады, деп мәлімдеді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, жаңа ережелер балалардың онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды зиянды контенттен қорғауға бағытталған. Ұсыныс әлі нақтыланбаған, бірақ жас шектеулері мен ата-ана бақылауын күшейтуді қамтуы мүмкін.