Еуропалық Одақтың авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Таяу Шығыстағы қақтығыстардың қайта басталуына байланысты аймаққа рейстерге ескертуді қайта енгізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шешім аймақтағы әскери әрекеттердің күшеюіне байланысты қабылданды. Ескерту авиакомпанияларға Таяу Шығыс әуе кеңістігінде ұшу кезінде сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.