Еуропалық Одақ арзан интернет-тауарларға €3 алым енгізді, бұл Shein, Temu және AliExpress сияқты платформаларға соққы болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа ереже бойынша, ЕО-ға кіретін құны төмен сәлемдемелерге €3 мөлшерінде алым салынады. Бұл шара арзан импорттық тауарлардың ағынын шектеуге және жергілікті нарықты қорғауға бағытталған. Шешім әсіресе қытайлық электронды коммерция платформаларына әсер етеді, олар бұрын салықсыз жөнелтілімдердің арқасында арзан баға ұсына алатын.