Еңбек қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер 2027 жылдан бастап 8,5%-ға артады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Министрлік «Ашық нормативтік құқықтық актілер» («Ашық НҚА») порталында Үкімет қаулысының жобасын жариялады.
Құжат 2026 жылғы 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
2026 жылы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемдер мөлшері мынадай болады:
- 01бір асырауындағы адам үшін — 46 783 теңге;
- 02екі адам үшін — 86 447 теңге;
- 03үш адам үшін — 114 415 теңге;
- 04төрт адам үшін — 132 213 теңге;
- 05бес адам үшін — 139 841 теңге;
- 06алты және одан да көп адам үшін — 152 553 теңге.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері соңғы екі жылдағы табысқа, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына және мүгедектік дәрежесіне байланысты болады.
