Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыны көтеру жоспары жайында айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі кезде ең төменгі жалақының көлемі 85 000 теңгені құрайды.
2027 жылғы бюджетте өзгеріс жоқ
Үкімет 2027 жылғы бюджетке де ең төменгі жалақы өзгеріссіз енгізіліп отыр.
«Әзірше, бюджетте 85 000 теңге болып тұр. Біз оны көтерудің бірнеше жолдарын қарастырғанбыз. Бірақ әзірше бюджетте оны қарастырып отырған жоқпыз», – деді Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте.
Талқылау жалғасуда
Оның айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі үкімет пен президент әкімшілігі деңгейінде әлі де талқыланып жатыр.
«Меніңше, жақын арада нәтижесі жарияланады. Егер көтерсе, келесі жылдан бастап көтереді», – деп атап көрсетті вице-премьер.
Айта кетейік, орташа айлық атаулы жалақы екінші тоқсанда 8,4%-ға өскен.
