Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы ауданындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство ақпаратына сәйкес, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы тиеу жұмыстарын аяқтау кезінде тиеу манифольды ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылы қаупіне байланысты КҚК тарапынан мұнай тиеу жұмыстары алдын ала тоқтатылды.
«Бұдан бөлек, тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6–7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады», - делінген министрлік хабарламасында.
Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілмеді. Шабуыл салдарынан туындаған өрт Каспий құбыр консорциумының үш буксирінің көмегімен сөндірілді.
