Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мемлекеттік реттеуді алып тастағаннан кейін бензин бағасы қаншалықты өзгергенін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда былтыр бензин бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастаған. Ал биыл сәуірден бастап АИ-92 бензині мен дизельдің бағасын ұстап тұрған мораторийдің мерзімі аяқталды.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде бағаны ішкі сұраныс пен ұсыныс анықтайды. "Бізде мемлекеттік реттеуді алып тастаған. Менің ақпаратым бойынша баға 3-4 теңгеге өсті", - деді Ақкенженов журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша министрлік бензин бағасының күрт көтерілуіне жол бермейді.