Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік өнерпаздардың гастрольдік қызметін реттейтін жаңа заңға қол қойды. Енді концерт ұйымдастырушылар іс-шараны өткізуден 30 жұмыс күні бұрын орындайтын әндерінің мазмұнын жергілікті әкімдіктермен келісуі тиіс, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, егер әртістің репертуарында тыйым салынған тақырыптар қозғалса, билік өкілдері мұндай мәдени іс-шараны өткізуге тыйым сала алады немесе тоқтатып тастайды.
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов шетелдік әртістердің Қазақстанда концерт өткізгенде ешқандай келісімшарт жасаспайтынын атап өткен. Оның сөзінше, олар өз бетінше концерт алаңын тауып, бірден билет сатуды бастай беретін.
««Енді әртіс гастрольдік сапар аясында концерт жоспарлай бастаған сәттен-ақ, бірінші кезекте әкімдікпен келісімшарт жасасып, жұмыс істеуі керек. Біз өз тарапымыздан бұл құжаттарға назар аударып, жергілікті атқарушы органдарға көмектесеміз. Келісімшартта әртістің бұзуға болмайтын міндеттемелері жазылады. Бұл міндеттемелер, ең алдымен, оның орындайтын композицияларына қатысты. Әндер еліміздің ұлттық құрылымына нұқсан келтірмеуі, порнография мен есірткіні насихаттамауы тиіс», – деді Кочетов.»
—
Фото: Әлеуметтік желіден
