АҚШ Президенті Дональд Трамп барлық елден келетін импортқа салынатын баж салығын 10%-дан 15%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты оның бұрынғы тарифтік бағдарламасының күшін жойып, президенттің өз өкілеттігін асыра пайдаланғанын мәлімдеген еді. Жаңа шешім осыған жауап ретінде қабылданды.

Заң бойынша бұл – қазіргі рұқсат етілген ең жоғары мөлшер. 15 пайыздық жаңа тариф 150 күн бойы күшінде болады. Одан кейін оны ұзарту үшін Конгрестің мақұлдауы қажет.

Дональд Трамп қатаң сауда саясатын жалғастыратынын айтты. Ал Еуропадағылар сот шешімін қолдап, мұндай баж салықтарының соңында бәріне зиян тиетінін ескертті.