Астанада ақын, бірнеше республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпазы Талапбек Тынысбекұлының «Жезбұйдалы жылдар» атты әдеби-сазды кеші өтеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Шығармашылық кеш аясында ақынның «Бұланай» және «Кербұлан» атты жаңа кітаптарының тұсауы кесіледі. Сондай-ақ танымал театр әртістері автордың өлеңдерін оқып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйламақ.

Кештің көркін Еркін Шүкіман, Гүлмира Сарина, Ерлан Ырысқали, Асқар Мұқят сынды елімізге белгілі өнерпаздар қыздырады. Олар ақынның сөзіне жазылған әндерді орындайды.

««Құрметті өнер сүйер ағайын, жалынды жыр, асқақ әннен қуат алып, рухани нәр алып қайтыңыздар!»»

Әдеби кеш 18 сәуірде сағат 18:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында (мекенжайы: Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1) басталады. Билеттерге қатысты 8700 366 77 97 нөмірі арқылы хабарласуға болады.