Қазақстанда бір жылда мал ұрлаумен айналысқан 300-ден аса адам немесе 59 қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Жандос Батырбеков айтты, деп хабарлады qazaqyia.kz/ Halyq Uni -не сілтеме жасап.

ІІМ өкілінің айутынша, елімізде мал ұрлығы көбінесе жайылымда жасалады.

«Әдетте мал ұрлығының 75%-ы жайылымда болады. Соңғы 5 жылда мал ұрлығы 62,5%-ға төмендеді, былтырғы көрсеткіш – 16,3%, — деді Жандос Батырбеков ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.»

2023 жылы Қазақстанда «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы 4 рет өткізілген.

«Оның барысында мал ұрлығына қатысы бар 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталды. 8,5 мыңнан астам ұрланған малдың тең жартысы (4 493 бас мал) табылып, иелеріне қайтарылды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары.»

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтармен күресіп, мал базарларын бақылауға алған.

«Нәтижесінде 2023 жылы 300-ден аса (376) мал ұрлығы анықталды. Оның ішінде 59 қылмыстық топ ұсталды, — деді Жандос Батырбеков.»

ІІМ мал ұрлығын болдырмау үшін тұрғындарға мынадай кеңес берді:

  • 01Малды қараусыз қалдырмау үшін үшжақты келісімшартқа (малдың иесі – әкімшілік – малшы) отырған жөн;
  • 01Асыл тұқымды малды бақылау үшін GPS-трекерлерді орнату керек;
  • 01Мал басын міндетті түрде таңбалау. Бұл болашақта ұрланған және жоғалған малды іздеуге, сондай-ақ тараптар арасындағы ықтимал дауларды шешуге мүмкіндік береді.

фото: ашық дереккөзден qazaqyia.kz/