Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен теннис турнирінде екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Финалдық матчта қазақстандық спортшы канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңіс арқылы Рыбакина былтырғы 500 рейтингтік ұпайын қорғап қалды және 185 500 доллар табыс тапты.

24 жастағы сол жақпен ойнайтын Фернандес – қазіргі теннис королевасы үшін аса қолайлы қарсылас емес. Бүгінге дейін жеке кездесулерде Елена 3:2 есебімен басым болған. Соның ішінде соңғы екі матчты – Токиода хард кортта және Штутгартта грунтта – Рыбакина жеңген болатын.

Алтыншы кездесудің бірінші сетін қазақстандық небәрі 37 минутта 6:3 есебімен өз пайдасына шешті. Бесінші және жетінші геймдерде Лейланың подачасын бұзды.

Екінші партияда Рыбакина қарсыласынан теннистің барлық дерлік компоненттерінде айқын басымдық танытып, үшінші геймде брейк жасады. Сосын «больше/меньше» есебімен сегіз розыгрыш ойнап, оны қорғап қалды – 3:1. Партия соңында Еленаны тоқтату мүмкін болмады. 1 сағат 16 минутта 6:2, 6:2 есебі тіркелді. Эйстар – 3:2, қосарланған қателер – 2:3, барлық ұтылған доптар – 59:41.

Осылайша, Қазақстаннан шыққан әлемнің бірінші ракеткасы мансабындағы 18-ші турнирін және ағымдағы маусымдағы төртінші турнирін жеңіп алды.

Хард кортта өткізілетін әйелдер арасындағы Ningbo Open турнирі 2010 жылы құрылған. 2013 жылы Нинбо ашық чемпионаты «125» мәртебесін, 2023 жылы – «250», ал 2024 жылы – «500» мәртебесін алды.

Бұған дейін турнирде Магда Линетт (Польша), Онс Жабер (Тунис) және 2024 жылы әлі Ресей үшін ойнаған австралиялық Дарья Касаткина жеңіске жеткен.

Былтыр турнирді Рыбакина жеңіп, финалда ресейлік Екатерина Александрованы 3:6, 6:0, 6:2 есебімен ұтқан болатын. Биыл Александрова ширек финалға дейін жетіп, онда болашақ финалист Фернандеске 6:4, 2:6, 1:6 есебімен жол берді.

Ningbo Open-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры – 1,2 млн доллар. Оның ішінен 185 500 доллар Рыбакинаға, ал 61 540 доллар Дезире Кравчик (32)/Фанни Столлар (60) жұбына тиесілі.

Жұптық разряд финалында америка-венгриялық дуэт испан Кристина Букша (13) мен АҚШ-тық Николь Мелихан-Мартинесті (9) 7:6 (7:5), 5:7, 10:6 есебімен жеңді. Айта кетейік, Кравчик пен Столлар турнирдің басында Анна Данилина (Қазақстан, 7)/Цзян Синьюй (Қытай, 25) жұбын 6:3, 6:4 есебімен жарыстан шығарған болатын.