Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Бад-Хомбург қаласында өтетін WTA-500 санатындағы турнирге қатысудан денсаулығына байланысты бас тартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық теннисші 20-27 маусым аралығында өтетін шөп кортындағы турнирде ойнауы керек еді. Алайда спортшы оң жамбас аймағындағы ыңғайсыздыққа байланысты жарыстан шығу туралы шешім қабылдады.
«Өкінішке орай, оң жамбасымдағы ыңғайсыздыққа байланысты Бад-Хомбург турнирінен шығуға мәжбүрмін. Медициналық командаммен кеңесіп, келесі қадамдар туралы шешім қабылдамас бұрын жағдайды қосымша бағалауым керек. Түсіністік пен қолдауыңызға рахмет», — деді Рыбакина.
Қазақстандық теннисшінің бас тартуынан кейін турнирдегі бірінші сеяный мәртебесі Ига Швёнтекке ауысты. Wild card (арнайы шақыру) Кэти Бултер, Ева Лис, Александра Эала және Винус Уильямсқа берілді.
Бұған дейін Рыбакина Берлиндегі WTA-500 турнирінде сәтсіз өнер көрсетіп, алғашқы матчта-ақ Александра Эаладан 5:7, 4:6 есебімен ұтылған еді. Оған дейін қазақстандық теннисші Лондондағы турнирде де сәтсіздікке ұшырап, ширек финалда Кэти Бултерден жеңіліп қалды.
Күнтізбедегі келесі ірі старт — Уимблдон, оның негізгі торы 29 маусымда басталады.
