Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына өтіп, әлемнің бірінші теннисшісі мәртебесін қамтамасыз етті. Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда қытайлық Чжэн Циньвэнді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Нәтижесінде Рыбакина WTA-ның тікелей рейтингінде беларусьтік Арина Соболенконы басып озып, әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атанды.

Рейтингтің ресми жаңартылуы дүйсенбі, 14 қыркүйекте өтеді. Осылайша, Елена жекелей сында әлемдік рейтингтің көшін бастаған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.

Бұған дейін Қазақстанның бірде-бір теннисшісі – әйелдер де, ерлер де – әлемдік рейтингте бірінші орынға ие болған емес.