2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тіркелген көліктердің ішінде жеңіл автомобильдер – 129,0 мың, жүк автомобильдері – 8,7 мың, автобус – 1,3 мың, мотоцикл – 1,6 мың, тіркемелер – 3,6 мың, өзге де көлік құралдары – 3,3 мың.

2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 5 995,0 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 84,2% – жеңіл автомобильдер, 8,0% – жүк автомобильдері, 4,3% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, 1,2% – мото көлік және 0,8% – өзге көлік құралдары.

Пайдаланылатын отын түрлері бойынша көлік құралдарының 80%-ы бензинмен жүреді, 7,6%-ы дизель отынын пайдаланады, аралас отындағы көлік құралдарының үлесі – 6,5%. Газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4%-ды құрады.

Электр қуатымен жүретін 32 479 көлік құралы тіркелген, бұл жалпы көлік санының 0,5%-ын құрайды. Электромобильдердің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген: Алматы қаласында – 17 506 бірлік; Астана қаласында – 3 235 бірлік; Алматы облысында – 2 857 бірлік; Шымкент қаласында – 1 042 бірлік.