24-26 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыстан келетін суық антициклон ықпал етіп, арктикалық аяз келеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мамандарының болжауынша, антициклонның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Жауын-шашын негізінен елдің оңтүстік өңірлерінде ғана сақталады, кей жерлерде жаңбыр қатты жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнгі уақыттағы ауа температурасы:

• батыс өңірлерде – 15-25 градус аяз;• солтүстік пен орталықта – 28-37 градус аяз;• шығыста – 32-40 градус аяз;• оңтүстікте – 0-ден 10 градусқа дейін аяз болады.