Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су қоймаларындағы жағдайға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Министрліктің мәліметінше, екі өңірдегі су қоймалары жүз пайыз толған. Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі7
Атап айтқанда:
- 01БҚО-ның 4 ірі су қоймасы орта есеппен 88% толды;
- 02Ақмола облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы;
- 03СҚО-дағы 2 ірі су қоймасы да 100% толы;
- 04Ақтөбе облысында 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97%;
- 05ШҚО-да 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 82,4%;
- 06Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8% толды;
- 07Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы орта есеппен 98,6% толы;
- 08Қостанай облысында 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 92%.