S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде растап, болжамды «позитивті» деп бағалады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Агенттік сарапшылары мемлекеттік қаржының тұрақтылығын, екінші деңгейлі санкциялар тәуекелінің төмендігін және экономиканы әртараптандырудағы жетістіктерді жоғары бағалаған.

Елімізде өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі (12,7%) екінші жыл қатарынан тау-кен өндіру саласынан асып түскені ерекше аталды.

Сондай-ақ инвестиция тарту ісінде «Бәйтерек» холдингінің өңдеу саласына басымдық беруі оң әсер еткен.