Эквадор президенті футболдан әлем чемпионатында ұлттық құраманың плей-офф кезеңіне шығуына байланысты ұлттық мереке жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мереке команданың жетістігін атап өту үшін белгіленді. Эквадор құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінен сәтті өтіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
