Жамбыл облысында экс-депутат Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кеткен ер адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жансақтау бөліміне түскеніне екі күн болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ауыр жарақаттар алған ер адам ауруханаға 15 тамызда кешкі сағат 20:21-де жеткізілген.
Ал өкпесі мен кеудесі арасында қан жиналып қалған. "Жағдайы өте ауыр. Көп жарақаттан қатты шок алған", - дейді дәрігерлер.
Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде Рысқұлов ауданында экс-депутат Бақытжан Базарбек мінген көліктің адам қағып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.
Базарбек өзінің желідегі парақшасында жол апатының болғанын растап, шұғыл медициналық көмек үшін аудандық аурухананың барлық дәрігеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдірді.
