Экология министрлігі утиль алымының жаңа мөлшерін ұсынды. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Kolesa-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Экология министрлігі «Утилизациялық алымды есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 448 бұйрыққа өзгеріс енгізуді ұсынды. Қоғам талқысына түсетін құжатқа сай утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі 50 АЕК болып өзгеріссіз қалады, бірақ көлік құралы мен ауыл шаруашылығы техникасының түріне байланысты коэффициент айтарлықтай төмендейді. Алым мөлшері төмендегідей болады деп жоспарланып отыр:
«(2022 жылы АЕК мөлшері 3 063 теңге).»
—
Біздің елде ең танымал, қозғалтқыш көлемі бір литр мен екі литр аралығындағы жеңіл көліктер үшін бұрын 1 072 050 теңге төлеу керек болса, қазір ол 536 025 теңгеге түсті. Ал көлемі үш литрден асатын жеңіл көліктен алынатын алым 3 522 450 теңгеден 1 761 225 теңгеге төмендеді. Яғни, алым мөлшері тура екі есе азайды.
Бірақ ершікті тартқыштардан алынатын утильдік алым мөлшерін не үшін өзгеріссіз қалдырғаны белгісіз. Бұған дейін үкімет көліктің бұл түрі алымнан босатылатынын мәлімдеген еді.
Шенділер утилизациялық алымның жаңа мөлшері 1 мамырда бекітіледі деп уәде берген.