Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін бұл қызметті Ерлан Нысанбаев атқарды.

Әлібек Қуантыров кім?

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Ол Томск мемлекеттік университетін және Мичиган университетін бітірген, қолданбалы экономика магистрі.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 2005 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастады.

  • 012005-2010 жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 022010-2013 жылдары қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болды.
  • 032013 жылы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
  • 042013-2019 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
  • 052019-2021 жылдары Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болды.
  • 062021-2022 жылдары ұлттық экономика вице-министрі, 2022-2024 жылдары — ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.
  • 072024 жылдың сәуірінде Kazenergy қауымдастығының бас директоры болды.
  • 082024 жылдың шілдесінде сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.