Павлодар облысында ер адам полиция бөлімшесінде белгісіз жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 11 тамызда Екібастұз полициясына үй ауласында мас ер адам әйелді қорқытып жүргені туралы шақырту түскен. Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды ұстап, бөлімшеге жеткізген.

Ер адам бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Құқық бұзушы арнайы бөлмеге орналастырылды. Біраз уақыттан кейін ол ес-түссіз күйде табылды. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адам қайтыс болды.

Бейнежазбалар тәркіленді.