Екібастұзда әйелдің бөлшектелген денесі табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Павлодар облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
