Екібастұзда 54 жастағы жұмысшы биіктен құлап кетті, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтарда 15:36-да «Богатырь транс» ЖШС-нен биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті.
««54 жастағы ер адам өндірістік жарақаттар алған. Ол ауыр дәрежедегі мидың жабық жарақаты, мидың зақымдану диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханаға жеткізілді», – деді станцияда.»
—
Павлодар облысының еңбек басқармасының хабарлауынша, алтыншы разрядты электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрик темір ұстасы жұмыстарды орындау кезінде 2,5 метрден құлаған. Жазатайым оқиға бойынша тергеу ашылды.
фото: ғаламтордан
qazaqyia.kz/