Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қытай Халық Республикасында шығарылған титан диоксидіне қатысты демпингке қарсы шараны уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл уақытша мерзім 2027 жылдың 10 тамызына дейін қарастырылған. Қолжетімді ақпаратты талдау Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мүддесі үшін бұрын қолданылған демпингке қарсы шараны тоқтата тұруға негіз бар екенін көрсетеді.
«Ол демпингке қарсы баж түрінде қолданылды. Өндірушіге байланысты баж импортталатын өнімнің кедендік құнының 14,27%-дан 16,25%-ға дейінгі көлемді құрады. Сонымен қатар, механизм өндірушілер мен экспорттаушылар үшін баға міндеттемелерін қамтыды», — деп хабарлады ЕЭК.
Бұған дейін Қытайдан жеткізілетін титан диоксидіне қатысты демпингке қарсы шара ЕЭК Алқасының 2025 жылдың 14 қазанындағы №96 шешімімен белгіленген болатын.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
