Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алқасы ЕАЭО-да ниобий-алюминий лигатурасына салынатын импорттық кедендік баж мөлшерлемесін 2028 жылдың 31 қазанына дейін нөлге түсіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ниобий-алюминий лигатурасы – көлемі 3 мм-ге дейінгі күміс-сұр түсті металл түйіршіктері. Ол металлургияда титан құймаларын өндіру кезінде қоспалаушы компонент ретінде қолданылады. Сондай-ақ жеңіл, ыстыққа төзімді және берік бөлшектерді, сондай-ақ күрделі қорытпаларды өндіруде пайдаланылады.
ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев бұл шешім шикізат сатып алуға жұмсалатын шығындарды азайту есебінен дайын өнім өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге көмектесетінін атап өтті.
