Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің министрлері ортақ энергетикалық нарықты дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жиналыс барысында министрлер ортақ энергетикалық нарықты құру және одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Талқылау барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық саясатын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, ЕАЭО құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіреді. Одақ шеңберінде ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыру — интеграциялық процестің маңызды бағыттарының бірі.
