Бішкекте ШЫҰ саммиті аясында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Вьетнам вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуде ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда келісімі аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сағынтаевтың айтуынша, 2016 жылы тараптар арасындағы тауар айналымы $4,3 млрд болған, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш $8,3 млрд-қа жетті. Осылайша, 9 жыл ішінде сауда көлемі 90%-дан астам өскен.
Сондай-ақ, тараптар цифрлық трансформация, жасанды интеллект, электронды сауда және жаңа технологиялар салаларында бірлескен жобаларды дамытуға үлкен мүмкіндік бар екенін атап өтті. Кездесуде көлік-логистикалық байланысты күшейту және сауда рәсімдерін жетілдіру мәселелері де қарастырылды.
