Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Данияр Иманалиев пен Мьянманың Ұлттық жоспарлау, инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Аун Чжо Хо кездесу өткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында ЕАЭО елдері мен Мьянма арасындағы бизнес жүргізу шарттары туралы өзара ақпарат алмасуды арттыру мақсатында бизнес-форумдар, бизнес-миссиялар мен көрмелер ұйымдастыру перспективалары талқыланды.

«Біз кедендік реттеу, азық-түлік қауіпсіздігі, өнеркәсіпті дамыту, энергетика, көлік және инфрақұрылым салаларында тәжірибе алмасуға жоғары өзара қызығушылық бар екенін байқап отырмыз. Сондай-ақ инновациялық экономика салаларында және жасанды интеллектті пайдалану бағытында ынтымақтастыққа ұмтылыс байқалады», – деді ЕЭК өкілі.

Сондай-ақ ЕЭК пен Мьянма үкіметі арасындағы бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.