Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі 2026 жылдың 22 шілдесінде күшіне енеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мәлімдеуінше, келісім күшіне енген күннен бастап әрбір тарап үшін 367 тауарлық субпозиция бойынша кедендік баждар алынып тасталады немесе азайтылады. Бұл жалпы сауда айналымының шамамен 90%-ын құрайды.

ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев келісімді ерекше құжат деп атады. «Келісім бойынша баждар алынып тасталады және кең ауқымды өнімдер үшін көптеген басқа сауда жеңілдіктері енгізіліп отыр», — деді министр.

Слепневтің айтуынша, ЕАЭО жеткізушілері Моңғолия нарығына сүт өнімдерінен, консервілерден және шоколадтан бастап автомобильдерге, арнайы жабдықтарға, металдарға және басқа да өнеркәсіптік өнімдерге дейінгі кең ауқымды тауарларды кедергісіз жеткізе алады. «Бұл шынымен де ерекше келісім. Біз өз тарапымыздан Моңғолия экспортының, ет өнімдерінің, кашемирдің, тоқыма бұйымдарының және басқа да бірқатар тауардың нарығымызға келуін күтеміз. Кәсіпорындардың осы күтілетін кезеңде белсенді түрде өзара әрекеттесуі маңызды», — деді ол.

ЕЭК министрінің айтуынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында сауда үштен бірге өсті, бұл бизнестің айтарлықтай қызығушылығының өсе беретінін көрсетеді.