Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Кенияның Ресейдегі елшісі Питер Мутуку Матуки Мәскеуде кездесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сағынтаевтың айтуынша, ЕАЭО елдері мен Кения арасындағы сауда айналымы 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсті.
«ЕАЭО елдері мен Кения арасындағы тауарлардың сыртқы сауда көлемі соңғы бес жылда 8,8%-ға өсіп, 2025 жылы 460,2 миллион доллардан асты. 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында сауда айналымы 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен астам өсті», - деді алқа төрағасы.
Бұған дейін жеке мемлекеттермен, интеграциялық бірлестіктермен және Африка даму институттарымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кешенді түрде ілгерілету бойынша 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-қимыл жоспары қабылданған болатын.
Құжат ЕЭК пен Африка Одағы және құрлықтың аймақтық интеграциялық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты көздейді.
