Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Иорданиямен еркін сауда туралы келісімнің болашағын бағалайды. Осы мақсатта бірлескен зерттеу тобын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ЕЭК сауда министрі Андрей Слепневтің айтуынша, қазіргі уақытта екі тараптың сауда әлеуеті толық іске асырылмаған. «Баждарды төмендету екі бағытта да жеткізілімдерді айтарлықтай арттыруы мүмкін», — деді ол.

Зерттеу тобына Еуразиялық экономикалық одақ тарапынан ЕАЭО елдері ұсынған кандидаттар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері кіреді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметі бойынша, қазіргі уақытта екі тарап негізінен азық-түлік өнімдерімен, ауыл шаруашылығы шикізаттарымен, металдармен, ағаш материалдарымен, тоқыма материалдарымен және химиялық өнімдермен сауда жасайды.

Айта кетейік, ЕАЭО және Африка оңтүстігін дамыту қауымдастығы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр.