Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында "Ішкі су көлігі саласындағы ең сұранысқа ие мамандықтар мен лауазымдарға біліктілік талаптары туралы" ұсыным қабылданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ЕЭК баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұлттық саясатты қалыптастыру кезінде осы ұсынымдарды ескеру мүмкіндігіне ие. Мұндай ұсынымдарды іске асыру әрбір тараптың құзыретіне кіреді және ішкі заңнаманы, басымдықтарды және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады, деп хабарлады ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев.

Қабылданған ұсынымда ішкі су көлігі қызметкерлерінің кәсіби білімі мен дағдыларына қойылатын жалпы және нақты талаптарға қойылатын тәсілдер, біліктіліктің әртүрлі деңгейлері мен орындалатын жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып көрсетілген. Ұсыныс ЕАЭО шеңберінде су көлігі қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыруға ықпал етуге арналған.